Қазақстанға профориентация неге керек және мұның маңызы қандай?

Мектеп бітірген түлектің мақсаты – жақсы мамандық таңдап, грантқа түсу. Ретін білгенге бұл оңай шаруа емес. Өйткені 10-11-сынып оқитын оқушылардың 90%-ы қандай маман иесі атанарын білмейді. Ал 8-9-сынып оқушыларының 78%-ы ма­мандық таңдау процесінен хабарсыз. Аталған статистиканы профориентолог мамандар ұсынып отыр. Жалпы, про­фориен­толог деген кім? Мамандықты қалай таңдау керек?

Қай мамандыққа қыры барын білмей, таңдауға басы қатып жүр­гендерге профориентолог көмекте­седі. Аты айтып тұрғандай, мұндай мамандар елімізде саусақпен санар­лық. Ол оқушымен жеке консульта­ция жүргізіп, сұрақ қойып, қажет болса тест алады.Аталған сала бойынша оқыту-семинары Түркістан қаласында да болып өтті.125 Түркістан мектебіне қала мектептері мұғалімдері бас қосып,тәжірибе алмасты.Толығырақ тілшіміздің сұхбатынан көре аласыздар.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған