125 high school Almaty IELTS тобының…

125 high school Almaty IELTS тобының ұйымдастырылуымен Алматы қаласы мектептері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі бойынша конференция өткізіледі.

Өткізілу форматы: Конференция форматы БҰҰ жұмысы негізінде өткізіледі. Оқушылар тобы әртүрлі мемлекеттерге бөлінеді. Әлемдік деңгейдегі ауқымды мәселелерді көтеріп, өз ойларын ортаға салады. Соңында ортақ шешім қабылдайды.  Өз позицияларын ғылыми деңгейде қорғап шығады.

Пайдасы: Көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйренеді, әртүрлі аудитория алдында өз пікірін еркін қорғай алады. Критикалық ойлауды дамытады. Қалалық басқа оқушылармен танысады, пікір алмасады. ЖОО-на түскен кезде көп пайдасын тигізеді.

Тақырып. Биологиялық қару; Суицидті алдын-алу. (Тақырыптар БҰҰ сайтынан алынды)

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған