Еліміздің 40 үздік ұстазы Дубайға демалыс сапарына жол тартты

Еліміздің әр өңірінен еңбегімен ерекшеленген 40 ұстаз Дубай қаласына демалыс сапарына жіберілді. Бұл бастама — педагогтардың кәсіби еңбегіне көрсетілген шынайы алғыс пен құрметтің айқын көрінісі.

Сапар аясында ұстаздар Дубай қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарын аралап, жергілікті білім беру жүйесімен танысты. Халықаралық тәжірибе алмасу барысында олар жаңа идеялар мен заманауи тәсілдерге қанығып, кәсіби шабыт алды. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әріптестер бір-бірімен жақын танысып, ортақ миссияның маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.

Мектеп құрылтайшысы Әлібек Қамбарұлы ұстаздарға арнайы лебізін білдіріп, олардың еңбегіне жоғары баға берді:

«Құрметті ұстаздар, сіздердің әр күнгі еңбектеріңіз — бір баланың ғана емес, тұтас ұлттың болашағына салынған инвестиция. Сіздердің адалдықтарыңыз, табандылықтарыңыз және жүрекпен атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Біз үшін сіздер — жай ғана қызметкер емес, миссиямыздың жүрегі, болашағымыздың негізісіздер. Алда да бірге үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін».

Аталған сапар педагогтардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *