Елімізге белгілі 125 High school мектептер желісінің жаңа ғимараты Орал қаласында бой көтерді. Жаңа білім ордасы 5-11 сыныптар аралығында оқушыларды қабылдап,1 айдың ішінде 300-ден астам оқушыны мектепке қабылдап үлгерді.
125 High school мектептің ашылу салтанаты және тұсаукесері 1 қыркүйек білім күнімен тұспа тұс келіп, 125 High school мектептер желісінің бас директоры Есетов Елжан Нұрлыханович өз қолымен мектебіміздің тұсауын кесті. Білім ордасы 4 қыркүейек жаңа оқу жылының алғашқы сабақтарын бастады. Мектебімізге білімді шәкірт тәрбиелейтін ордаға айналуына тілекшіміз.