Игі істің бастауы! “Жаны жақсы ағаның етегін баспа, жолын қу. Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу”

“Жаны жақсы ағаның етегін баспа, жолын қу. Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу” деген мақалды негізге ала отырып, “125 High school” мектептер желісінің құрылтайшысы Әлібек Қамбарұлы “125 High school” мектептер желісінде бір жылдық тегін оқу грантын үлестіру мақсатында конкурс жариялаған болатын. Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақты демеп, қолдау көрсетіп, ізгілікке бастау болды. Осы байқауға мектептер желісінің барлық оқушылары қатысып, ҰБТ-нәтежиесі ең жоғарғы болған оқушылар бір жылдық тегін грантты жеңіп алды. Семей қаласы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен Ислам Бутабаев мектебіміздің оқушысы атанды.

Жаны жайсан ағаларымыз қашанда білім аламын, өсемін, боламын деген жас буынға көмек көрсетіп отырады. Осындай жақсылықты көріп өскен ұрпақ еліміздің ертеңі болып, ағалардың бастаған өнегелі ісін жалғастырса болашағымыз жарқын болатыны сөзсіз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған